БАС МҮФТИ «АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ 1432

БАС МҮФТИ «АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

19 наурыз 2022 183 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «Ақтөбе» медресе-колледж шәкірттеріне дәріс оқыды.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» дейді. Біз бейнебір Қазақстан атты алып ғимараттың бір кетігін тауып қалануымыз қажет. Аллаға шүкір, медресе-колледжде оқу мен тәрбие алуға барлық жағдай жасалған. Уақытты тиімді қолданып, жастық шақты білім алуға арнап, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Сонда ғана көптеген жетістікке қол жеткіземіз. Медресе – үлкен өмір мектебі. Медреседегі әрбір сәттің қадірін бағалай біліңіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Шәкірттермен кездесуден кейін «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Бас мүфтиге оқу ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.