«Муфтият» баспасы әдебиеттерін насихаттауға арналған жәрмеңке өтті 6492

«Муфтият» баспасы әдебиеттерін насихаттауға арналған жәрмеңке өтті

04 шілде 2026 14 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Нұр Ғасыр" мешітінде «Муфтият» баспасынан жарық көрген діни әдебиеттерді насихаттауға арналған жәрмеңке өтті.

Іс-шараға "Әжелер мектебінің" белсенді мүшелері атсалысып, жамағатқа кітаптардың мазмұны мен тәрбиелік маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Жұма намазынан кейін мешіт ауласында ұйымдастырылған жәрмеңкеде келушілер Муфтият баспасының түрлі бағыттағы кітаптарымен танысып, өздеріне қажетті діни еңбектерді сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – сапалы діни әдебиеттерді кеңінен насихаттау, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру.

Шара барысында жамағат тарапынан кітаптарға ерекше қызығушылық танытылып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.