«Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында жұма уағызы өтті
«Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітіне арнайы барып, жұма уағызын жүргізді.
Жұмаға жиналған жамағатқа найб имам «Ынсап пен шүкір – нығметті арттыратын қасиет» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, шүкіршілік пен қанағаттың адам өміріндегі маңызы, Алла Тағаланың берген нығметтерін қадірлеу және ынсапты болудың рухани пайдасы жайында насихат айтты.
Аталған жоба аясындағы көшпелі уағыз-насихат жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.






































