Ақтөбелік қари «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді 5022

Ақтөбелік қари «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді

19 қараша 2025 141 Оқу 1 минут

XIV республикалық Құран жарысының 4 орын иегері, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Мырзабек қари Хамитов «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.

Қари «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді. Бағдарлама барысында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласында өткен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XIV республикалық байқау туралы айтты.

Аталған жарыс Мырзабек қари Хамитовтың 4-ші республикалық Құран жарысы екендігіне тоқталып, жеңіске апарар жол туралы сұхбат өрбіді.

Сонымен қатар қарилыққа қадам мен қиындығы туралы да баяндады.

Бағдарлама қорытындысында Құран жаттаушыға кеңестер мен әдістерде ұсынды.

Сұхбаттасқан журналист, РАТТ мүшесі Ақтолқын Тажикова.

Бағдарламаны «Мұнара» телеарнасынан жуырда көре аласыздар.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі