Имамдар мен ақсақалдар кәсіпкерлерді арақты сатпауға шақырды 3269

Имамдар мен ақсақалдар кәсіпкерлерді арақты сатпауға шақырды

13 наурыз 2024 544 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан – Алланың парыз қылған оразасын ұстап, күнәлі істерден барынша бойды аулақ ұстайтын ай.

Қасиетті айдың құрметіне орай, қала және ауданға қарасты ақтөбелік имамдар мен ақсақалдар алқасы жергілікті кәсіпкерлердің дүкендерін аралап, «Арақсыз Рамазан» акциясының аясында бұл айда арақ сатпауға шақырды. Дін қызметкерлері мен ақсақалдар арақтың дініміздегі үлкен күнәлардың қатарынан екенін айтып, адамның өзіне, отбасына, қоғамға және жүргізіп отырған кәсібіне тигізетін зияндарын жеткізді. Көптеген кәсіпкерлер үндеуді қабыл алып, арақты сатуды тоқтатуды қолға алды.

Аталған насихат жұмыстары Ақтөбе қаласы мен облысқа қарасты 12 ауданда жүргізілді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі