Мәртөкте Мәуліт кеші өтті 4877

Мәртөкте Мәуліт кеші өтті

26 September 2025 110 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінің ұйымдастыруымен пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған «Адамзаттың асыл тәжі» атты Мәуліт кеші өтті. 

Рухани кеште ауданның Бас имамы Нұрберген Қазенов салауат айтудың артықшылықтары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін жаттаудың абзалдығы туралы тоқталды.

Шараға арнайы қонақ болған Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин «Адамзаттың ұлы тұлғасы ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмыры барлық адамзатқа өнеге» жөнінде уағыз-насихат айтты .

Игі басқосу қортындысында жамағатқа салауат айту және сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген қатысушыға сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі