2026 жылдың алғашқы Пәтуа сағаты
Бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде 2026 жылдың алғашқы Пәтуа сағаты ұйымдастырылды.
Жұма намазынан кейін облыс бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов бастап, барлық мешіттегі имамдар мен ұстаздар жамағат тарапынан қойылған әр сұраққа жауап берді.
Пәтуа сағаты әр жұма күні өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































