РАТТ мүшесі Мұғалжар ауданында 3654

РАТТ мүшесі Мұғалжар ауданында

14 қыркүйек 2024 183 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысына РАТТ мүшесі, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Елдос Қуандықұлы арнайы іс -сапармен келді.

Сапар барысында Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде бесін намазынан кейін «Алланың рахым сипатынан үміт үзбе» аты тақырыпта уағыз айтты.

Сонымен қатар РАТТ мүшесі Қандығаш қаласындағы «Қадырәлі ата» мешітінде өткен басқосуға қатысып, «Құлшылықты кім үшін орындаймыз?» атты насихатқа тоқталып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қала және аудан жамағаты аталған іс-сапарды ұйымдастырушылар мен арнайы өңірге жұмыс сапарымен шақыртылған Елдос Жұмаділдаға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі