Ақтөбеде бірнеше кәсіпорынға «QMDB HALAL» сертификаты табысталды 708

Ақтөбеде бірнеше кәсіпорынға «QMDB HALAL» сертификаты табысталды

04 тамыз 2021 186 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы мен ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің талаптарына сай деп табылған «Рамазан» ЖШС-ның жұмыртқа өніміне, «Kish-mish» кафесіне «QMDB HALAL» сертификатын табыс етті.

Ескере кететін жайт, «Рамазан» ЖШН-ның жұмыртқа өнімі – алғашқы Ақтөбе өңіріндегі «QMDB HALAL» сертификатын алған мекеме.

Сонымен қатар «MY BRO» ет дүкені «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатын жаңартты.

ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты барша мұсылман қауымының сенімін арқалайтын құжат болғандықтан, «Халал Даму» ЖШС тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерді тексеру барысында кәсіпорынның қызметі, тағам өнімдерінің құрамы халал стандарты талаптарына сай болуына, құжаттарының дұрыстығы үнемі қадағаланып, тексеріліп отыруына аса мән беретіндігі туралы «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов сертификат табыстау барысында атап өтті.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі