Ақтөбе: Онлайн уағыз-насихат жұмыстары қайта жалғасын тапты 1222

Ақтөбе: Онлайн уағыз-насихат жұмыстары қайта жалғасын тапты

20 қаңтар 2022 86 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша күн сайын жергілікті уақыт 20:00-де @nur_gasyr инстаграм парақшасында онлайн уағыз-насихат жұмыстары жүрізілуде.

Алғашқы болып Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Ислам – бірлік діні» тақырыбында уағыз-насихат айтса, екінші болып уағыз насихатты облыстық орталық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Бүлік – бірлікке сызат» тақырыбында жіті түсіндіріп өтті. Наиб имам оқырмандарға бүліктің адамзат үшін қауіпті екендігінін айтып, бірліктің қадіріне ерекше тоқталды.

Ал бүгін облыстық орталық мешіттің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман «Бірлік бар жерде береке бар» тақырыбы аясында онлайн-насихатты жалғастырады.

Медиажоспардың күнтәртібінде онлайн уағыз-насихат 30 тақырыптың төңірегінде оқырманға ұсынылады.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңір қызыл аймақта болуына орай ұжымдық шара мен жұма намазына рұқсат етілмейді.

Алла Тағала эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып, өңірдің жасыл аймаққа енуін нәсіп етсін!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі