ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі Рамазанға сақадай сай 4246

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі Рамазанға сақадай сай

27 ақпан 2025 142 Оқу 1 минут

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айына күн санап жақындап келеді. Қасиетті айды күллі мұсылман қауымы бір кісідей асыға күтіп, сағынатыны белгілі. Осыған орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс. қала, аудан, ауыл мешіттері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жоспарына сай, ұлық айды қарсы алуға сақадай сай.

Әр мешіттің алдында «Рамазан айы құтты болсын!», «Ораза айы құтты, берекелі болсын!», «Оразан қабыл болсын, ұстаған жан!», «Нұр шашқан Рамазан берекелі болсын!», «Ораза айы құтты болсын!» деген тұрғындар мен жаматқа арналған құттықтау банерлері ілінді.

Қайырымдылық шаралары, ауызашарлар, пітір-садақа бағасы мен ораза айының мерзімі хабарланды.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, биылғы Рамазан айы 1 наурызда басталады деп бекітті. Ал наурыз айының 26-нен 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі.

Рамазан айына ғана тән құлшылық – тарауих намазы Оразаға бір күн қалғанда, яғни 28 ақпанда басталады.

Биыл пітір мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі