«Апорт» асханалар желісі мен «Girex» стритфуд желісі ҚМДБ-ның «Халал» куәлігіне ие болды
Ақтөбе қаласындағы «Апорт» асханалар желісі мен «Girex» стритфуд желісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» куәлігіне ие болды.
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұм намазына жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев және «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әли «Халал Даму» мекемесінің серификатын табыстады.
Аталған қоғамдық тамақтану орындарының өндірістік үдерісі, шикізаттың шығу тегі, тағамдарды әзірлеу технологиясы, санитарлық талаптардың сақталуы және қызмет көрсету жүйесі «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы тарапынан жан-жақты тексеріліп, ҚМДБ бекіткен халал стандартының талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды.
Тексеру жұмыстарын «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.
«Апорт» желісінің Ақтөбедегі 9 филиалының мекенжайлары:
1. Маресьев көшесі, 90
2. Ыбырай Алтынсарин көшесі, 9
3. Тәуелсіздік даңғылы, 16а
4. Әбілқайыр хан даңғылы, 25
5. 11-ықшамаудан, 112г
6. Ломоносов көшесі, 3
7. 12-ықшамаудан, 14а
8. Мұхамеджан Тынышбаев көшесі, 44
9. 178-есептік квартал, 8
Girex мекенжайлары:
1. Әлия Молдағұлова даңғылы, 41Б
2. Есет батыр көшесі, 154Е
3. Әбілқайыр хан даңғылы, 47Б (Girex)
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































