Мәртөк: Жаңадан тағайындалған бас имам аудан әкімімен кездесті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наб имамы Мәжит Әбішов арнайы іс сапармен барған Мәртөк ауданына сапар аясында аудан әкімі Медет Жұмабайұлымен кездесіп, жаңадан тағайындалған Мәртөк ауданының бас имамы Нұрберген Қазеновты таныстырды.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру мәселері қамтылды. Сонымен қатар аудан әкімі ынтымақтастықта қызмет етуге уағдаласты.
Сонымен қатар аудандағы жаңа бас имаммен рухани ағартушылық бағыттағы бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































