Хромтау: Жаңадан тағайындалған ауданның бас имамы аудан әкімімен кездесті 4745

Хромтау: Жаңадан тағайындалған ауданның бас имамы аудан әкімімен кездесті

17 тамыз 2025 83 Оқу 1 минут

Жаңадан тағайындалған Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Жасланұлымен кездесті. 

Кездесу барысында аудан басшысы жаңа қызметіне кіріскен имамды құттықтап, өңірдегі діни ахуалды нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу және жастар тәрбиесіне үлес қосу бағытында бірлесіп жұмыс істеу жөнінде пікір алмасты.

Ал ауданның бас имамы аудан әкімдігімен өзара ынтымақтастықта еңбек етіп, мешіт қызметін жандандыруға, халық арасында игі бастамаларды жүзеге асыруға күш салатынын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта рухани-мәдени іс-шараларды бірлесе ұйымдастыруға уағдаласты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі