Мәртөк: «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету жұмысы таныстырылды 3031

Мәртөк: «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету жұмысы таныстырылды

25 қазан 2023 157 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Абишев Мәртөк ауданына арнайы іс-сапармен барып «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету жұмысын таныстырды.

Кездесуге облыстан арнайы келген наиб имам «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты бойынша шариғат және дәстүрімізді сақтай отырып, ысырыпшылдыққа жол бермей, мейітті қалай жерлеу керек екендігін толық түсіндіріп өтті.

Аталған шараға ауданның басшылығы мен тұрғындары қатысып, наиб имамның айтқандарымен толыққанды келісетіндіктерін айтып, арнайы кездесуге келгені үшін алғысын білдірді.

Айта кетсек, кездесуге 230 адам келді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі