Шалқар: Республика күніне мерекелік шаралар ұйымдастырды 3030

Шалқар: Республика күніне мерекелік шаралар ұйымдастырды

25 қазан 2023 146 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай мешіт жамағатының бірлігін арттыру мақсатында арнайы мерекелік дастархан жайылып, «Тәуелсіздік –Алланың берген үлкен нығметі» тақырыбында насихат айтылды. 

Игі шара халық көп шоғырланған орындарда жалғасын тауып, Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков бастаған мешіт қызметкерлері халықты мерекемен құттықтап, көпшілікке ту таратты. Сондай-ақ, балаларға сыйлық тарту етіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал ақсақалдар мешіт қызметкерлері мен жамағатқа алғыс білдіріп, баталарын берді.

Одан өзге тіршілік атаулы көктеп, көгерсін, өсіп өнсін деген ниетпен мешіт ауласына тазалық жасалып, ағаштар егілді.

Еліміздің амандық, тыныштығына, тәуелсіздігіміздің баянды болуына және еліміздің егемендігі жолында аянбай қызмет етіп, жанын пида еткен барша бабалар рухына арнайы дұға етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі