ҚМДБ Жастар ісі секторының жауапты өкілі сұхбат берді
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі nurgasyr студиясында облыс бойынша Жастар ісі секторының жауапты өкілі, «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Аслан Қорған қонақ болып, «Өкілдік тынысы» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарлама барысында секторға жауапты өкіл РАТТ мүшесі, дін маманы, журналист Ақтолқын Тажикованың сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Сонымен қатар Аслан Дәуірханұлы жуырда ғана облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен өткен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жастар басқосуының мақсатын айтты. Рухани кешке қатысқан қонақтар туралы да баяндады.
Одан өзге қасиетті Шағбан, Рамазан айындағы жастар ісі секторының атқаратын жұмыстарының жоспарын таныстырды.
Сұхбатты жуырда https://www.youtube.com/@NurgasyrAktobe ютюб арнасынан көре аласыздар. Ол үшін ютюб арнасына жазылсаңыз болғаны.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі