Ақтөбеде бірқатар кәсіпорынға «ҚМДБ Халал» куәлігі табысталды 6746

Ақтөбеде бірқатар кәсіпорынға «ҚМДБ Халал» куәлігі табысталды

19 қазан 2026 22 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы жаңадан өтінім берген және қолданыстағы сертификат мерзімін ұзартуға ниетті кәсіпорындарда кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аудит қорытындысы бойынша, белгіленген шариғат талаптары мен халал стандарттарына толық сай деп танылған «Боз Дала» ет дүкені мен «Хинкальная № 1» дәмханасының жартылай дайын өнімдеріне алғаш рет халал куәліктері берілді. Сонымен қатар, «Батыс Фуд» және «Халал Нұр» кәсіпорындарында өндірілетін жартылай дайын өнімдердің сертификат мерзімдері сәтті ұзартылып, қайта жаңартылды.

«Боз Дала» ет дүкенінің құжаттарын Ақтөбе «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде аталған мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов салтанатты түрде табыстап, кәсіпкерлердің жұмысына береке тіледі.

«Халал Даму» өкілдігі өңірдегі кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін қадағалау және өндіріс талаптарының сақталуын бақылау жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратынын хабарлайды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі