«Мұнара»:  Ақтөбе өкілдігінде Рамазан айының түсірілімдері  басталды 5929

«Мұнара»: Ақтөбе өкілдігінде Рамазан айының түсірілімдері басталды

12 ақпан 2026 21 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның төл арнасы «Мұнара» телеарнасының Ақтөбе облысындағы студиясында Рамазан айының түсірілімдері басталды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев «Салиқалы сұхбат» бағдарламасында қонақ болды.

Бағдарламада Әбділда әулетінің Рамазаны, облыстың Бас имамының алғашқы оразасы, тарауық намазы туралы естеліктер айтылды.

Амантай Садиевтің шет мемлекеттерде білім алғандағы Рамазан айында көрген оқиғалары мен бүгінге дейін 5 өңірде қызметте болғандағы Ораза айының әр өңірдегі ерекшеліктеріне тоқталды. Имам шаңырағының отбасы туралы да айтылды. Журналист Ақтолқын Тажикованың қойған әр сауалына толыққанды жауап беріп, сүбелі сұхбат берді.

Сұхбатты Рамазан айында «Мұнара» телеарнасы мен арнаның және Ақтөбе өкілдігінің ютюб арналарынан көре аласыздар.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі