Имамдар тазалықшыларға құрмет көрсетті 5930

Имамдар тазалықшыларға құрмет көрсетті

13 ақпан 2026 33 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастырумен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Жылулық сыйла» қайырымдылық шарасы өтті.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты тазалықшыларды қолдап, ынталандыру мақсатында ыстық шай мен донер таратылды.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбет аталған шараны үйлестіріп, бір топ ерікті азаматтармен бірге игі істің басы-қасында болып, ыстық дәмді өз қолымен таратып шықты.

Тазалақшылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен ҚМДБ ұжымы және имамдарға алғысын білдірді.

Осындай сауапты іске демеушілік жасап, қолдау білдірген барша жомарт жандарға Алла Тағала разы болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі