Қазан айының «Көшпелі уағыз-насихат керуені»  басталды 4906

Қазан айының «Көшпелі уағыз-насихат керуені» басталды

04 қазан 2025 63 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде қазан айының «Көшпелі уағыз-насихат керуені» басталды. 

Осы игі бастама аясында «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Дүйсеев «Нұрлан Махабад» мешітінде, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Еламан Кәрім «Ар-Рахим» мешітінде, ал «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Есентемір Тойбазарұлы «Қурайлы» мешітінде «Ұрпақ тәрбиелеуде – ұстаздың орны» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Уағыз барысында дін қызметкерлері ұрпақ тәрбиесінің ұлт болашағы үшін маңызын атап өтіп, ұстаздың мәртебесі жайлы аят-хадистерден мысалдар келтірді. Адам баласын ізгілікке, адалдық пен білімге бағыттайтын ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – жүрекке із қалдыратын, тағдыр қалыптастыратын, ұлттың келешегін бекем ететін темірқазық екенін баяндады.

Уағыз қорытындысында имамдар жамағатты ұстаздар еңбегін құрметтеуге, балаларды адалдыққа, имандылыққа және білімге баулуға шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі