Шалқар: Мешіт жанашырларына құрмет көрсетті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің күрделі жөндеу жұмыстарына белсенді атсалысқан Нұрбек Әжмағамбетов пен Артур Шериповке «Бөлек» дүкенінің демеушілігімен 30 мың теңгелік сертификат табысталды.
Ауданның бас имамы Абзал Медетбеков мешіттің жөндеу ісіне өз еңбегімен үлес қосып жүрген барша жамағатқа шынайы ризашылығын білдіре отырып, Нұрбек Әжмағамбетов пен Артур Шериповке алғысын айтып, ақшалай сертификат табыстады.
Қазіргі уақытта мешіттегі жөндеу жұмыстары жалғасты. Арнайы мамандардың көмегімен асхананың шатырлары қапталып, жылу жүйесі ауыстырылды. Сондай-ақ сыртқы дәретхана жұмысы аяқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































