«Өмірге үміт сыйла»: Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Бүгін қасиетті жұма күні Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Игі шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, қолдау көрсетті. Қайырымдылық жәрмеңкесіне әйел жамағаты өз қолдарымен түрлі тағамдар әзірлеп, сауапты іске үлестерін қосты. Нәтижесінде 70 мың теңге қаржы жиналды.
Жиналған қаражат өкпедегі күрделі ісікке ота жасатуға мұқтаж болып отырған Анара Дүйсешованың еміне аударылды.
Алла Тағала жасаған игі амалдарыңызды қабыл етсін!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































