Мұғалжар: Имамдарға 2025 жылдың жоспары таныстырылды 4145

Мұғалжар: Имамдарға 2025 жылдың жоспары таныстырылды

10 ақпан 2025 85 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде имамдарға жиналыс өтті.

Аталған жиналыс барысында ауданның бас имамы Мұхаммедисаил Шадман 2025 жылға арналған жылдық жоспарды таныстырды.

Сонымен қатар «Ислам және отбасы құндылығы» жылының маңыздылығын түсіндірді.

Одан өзге биыл ҚМДБ бекіткен төрт бағыт аясында жұмыстарды талдап, тапсырмаларды бекітті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі