Ақтөбе облысының Бас имамы марапатталды 415

Ақтөбе облысының Бас имамы марапатталды

12 желтоқсан 2020 261 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына қатысты.

Артынша, Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген төралқа мәжілісіне қатысып, 2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша атқарған діни іс-шаралардың есебін тапсырды.

Мәжілісте еліміздің әр облысының Бас имамдары шариғат және пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадр даярлау, діни оңалту, қайырымдылық іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, қажылық т.б. бағыттар бойынша есеп берді.

Төралқа мәжілісі соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлын «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Жылдың қорытынды жиынында Бас мүфти сындарлы сәтте жақсылықтың жаршысы бола білген имамдар қауымына, мешіт қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Ақтөбе өкілдігі ұжымы әрі облыс имамдары атынан Бас имам Төлеби Дәділұлын құттықтаймыз.

Айта кетелік, «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалі бас имамдардан бөлек өңірлердегі 68 имамға тарту етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі