Ресей мұсылмандары қазақ елі үшін дұға жасады 1180

Ресей мұсылмандары қазақ елі үшін дұға жасады

10 қаңтар 2022 129 Оқу 1 минут

Елімізде болған төтенше жағдайға байланысты Ресей мұсылмандары діни басқармасы және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдин алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің сайтында жарияланды.

Сондай-ақ ол Ресей мұсылмандары Қазақстанның тыныштығы мен береке-бірлігі үшін арнайы дұға жасағанын атап өтті. «Біз Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен ынтымақ-бірлігін сақтап қалу, сондай-ақ қалалар мен көшелерде заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатындағы бастамаларды қолдаймыз. Алла Тағаладан Қазақстан халқының осы қысылтаяң шақтан аман-есен өтуін, сабырлы болып, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауды тілейміз» деді Равиль Ғайнутдин.

Айта кетейік, Ресей мұсылмандары Мәскеу мұнаралы мешітінде Қазақстан халқы үшін арнайы дұға жасап, Алла Тағаладан жәрдем тіледі.