Дін мамандарына арналған «Неке және отбасын сақтау» семинар- тренинг ұйымдастырылды (ФОТО) 3117

Дін мамандарына арналған «Неке және отбасын сақтау» семинар- тренинг ұйымдастырылды (ФОТО)

06 ақпан 2024 1728 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында «Ислам және ізгі қоғам» жылына орай «Неке және отбасын сақтау» тақырыбында конфликтология және медиацияны дамыту үшін имам-ұстаздардың білімін жетілдіруге арналған семинар-тренинг өтті. 

Аталған семинарға Ақтөбе қаласының имамдары мен ұстаздары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, семинар-тренингтің маңыздылығына тоқталды. Ал Еуропа ассамблеясының құрметті мүшесі, заң ғылымдарының докторы, медиатор жаттықтырушы Светлана Балпеисова жарасымды жанұя, отбасы құндылығын сақтаудағы медиацияның негізгі мәнін теориялық және практикалық тұрғыда талдап берді. Дін мамандарына тапсырмалар беру арқылы тренинг әдістерінде қолданды.

Семинар-тренинг қортындысында облыстың Бас имамы мен медиатор жаттықтырушы Светлана Асылгирейқызы атынан қатысушыларға сертификат табысталды.

Айта кетсек, БАҚ өкілдеріне спикер мен ұйымдастырушы имамдар семинар туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында Светлана Балпеисова Ақтөбе өңірінде алғаш рет дін мамандарына алған конфликтология және медиацияны дамыту үшін арнайы семинардың ұйымдастырылғанын айтты.

Облыстың Бас имамы арнайы уақытын бөліп, медиация туралы спикер ретінде келген медиатор жаттықтырушыға алғысын білдірді.

Алдағы уақытта игі бастама жалғасын табады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі