Наиб имам «Кәусар» бағдарламасына сұхбат берді 3491

Наиб имам «Кәусар» бағдарламасына сұхбат берді

27 тамыз 2024 295 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Рика» арнасындағы «Кәусар» бағдарламасына Наиб имам білім алудың маңыздылығы мен артықшылығы туралы сұхбат берді. 

Сұхбат барысында ақ пен қараны, ақиқат пен жалғанды ажырату білім арқылы жүзеге асатынын айтты. Құранның алғашқы түскен аятында да адамзатты оқуға, білім алуға шақырғанын, Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде білім алушы мен көп құлшылық етушінің айырмашылығын аспандағы ай мен жан-жағындағы жұлдыздарға теңегенін баяндады.

Сонымен қатар отбасы және қоғамдағы туындаған күрделі мәселелердің шешімі білімде екенін де кеңінен түсіндіріп, білім туралы көптеген ерекше ақпараттар берді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі