РАНТ мүшесі,Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы іс-сапармен БҚО барды.
РАНТ мүшесі,Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы іс-сапармен БҚО барды.
Іс-сапардың алғашқы күні БҚО облыстық орталық мешітінің жамағатымен жүздесумен басталды. “Мұсылманның жауапкершілігі” тақырыбы төңірегінде айтылған уағыз-насихатта Жаратушы мен пайғамбар алдындағы жауапкершілік пен отбасы, қоғам, отбасы т.б адам өмірінде маңызды орын алатын дүниелердегі қарым-қатынас пен олардың хақысы туралы сөз қозғады. Кейін қасиетті жұма күні Орал медресе колледжінің студенттерімен кездесіп, “Медреседе оқудың маңыздылығы” турасында білім ізденуші жастарға оқу-ғылымның екі дүниелік шамшырақ екендігі, ілім ең әуелі Алланы тануға жол ашатын нығмет екендігін түсіндіріп өтті. Одан өзге РАНТ мүшесі Орал қаласы , Зашаған елді-мекеніндегі жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіт құрылысымен танысып, аталған істің берекелі аяқталуын тіледі.
Іс-сапардың соңғы күнінде өңірлік тарихи Қызыл мешітте жұма уағызын өткізіп “Шәкәрім Құдайбердіұлының ар ілімі” жайлы уағыз айтты.
Айта кетейік, аталған уағыз-насихат пен кездесулерге 1200 адам қамтылды.