Ұстаз қарттармен сұхбаттасты
ҚМДБ “Дін мен дәстүр” бағыты аясында Ақтөбе қаласы “Қабақ баба” мешітінің ұстазы Нұрбол қарттарға дәріс өтті.
Тағдыр тауқіметі мен түрлі сынақтарды өмір елегінен өткізген қарттарымызбен сырласып, олардың қазіргі хәл-ахуалы мен жағдайын білген ұстаз Нұрбол “Алла тағаланы тану” тақырыбында түсіндіріп өтті. Жаратушының кемел сипаттарын тани отырып, оған амал етіп, дұға жасаудың мән-маңызы турасында айта өтіп, Раббысын таныған пенде әрдайым рухани кемелдену үстінде болатындығын сөз етті.
Дәріс соңына тақырып аясында қариялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.