Жамағатқа арналған сенбілік 883

Жамағатқа арналған сенбілік

25 қыркүйек 2021 91 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шаруашылық меңгерушісі Нұрлан Бақытжанұлының бастамасымен, жаматтың қолдауы арқылы мешіт айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық—иманның жартысы» деген Пайғамбар өнегесін негізге алған жамағат асарлатып, мешіт ауласында сыртқы тазалықтарды толық жасады.

Алдағы уақытта да тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.


Ақтөбе қалалық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі