«Құран-тәжуид» бойынша Ақтөбе имамдарымен Құран қайталанды
Рамазан айында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған дәрістер өтті. Аталған семинарда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы әрі Ақжар қарилар дайындау орталығының директоры, қари Бекжан Әлденов Ақтөбе облысына қарасты, аудан, ауыл имамдарының Құран оқуы мен тәжуидін тексерді. Семинар ҚМДБ-ның «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің 2025 жылғы жоспарына сай ұйымдастырылып отыр. Қари сонымен қатар дін мамандарының біліктілігін арттыруға арналған оқу семинарының маңыздылығына тоқталды. Бекжан қари тәжуид қағидаларының ерекшелігін баяндап, әдіс-тәсілдерді үйретті. Ұстаз ретінде әрдайым Құран тапсырып тұрудың маңыздылығына байланысты кеңес берді. Сонымен қатар Бекжан қари 6 күн бойы әр қатысушының Құран оқуларын тексереді. Оған Ақтөбе облысындағы 12 аудан, яғни. Алға, Мұғалжар, Байғанин, Темір, ШАлқар, Хромтау, Мәртөк, Қобда, Қарғалы, Ойыл, Ырғыз, Әйтеке би аудандарының мешіттерінің имам, молда, ұстаздары тапсырады.