МЕШІТ  ЖАМАҒАТЫ АБАТ-БАЙТАҚ  КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ 2308

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АБАТ-БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

11 шілде 2023 146 Оқу 1 минут

ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Еламан Бейімбетұлының ұйымдастыруы және Қобда ауданының Бас имамы Абай Мәлікұлының қолдауымен «Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында «Абат-Байтақ» кесенесіне Ақтөбе қаласынан барған жамағат аудан жамағатымен бірігіп зиярат жасап, Құран бағыштады.

Ата-баба, батырлар, әулиелер мен дін қайраткерлерінің зираттарына бару төл тарихымызды тереңірек танып, ол кісілердің еліміз бен жеріміз үшін жасап кеткен еңбектері мен қызметтерін халыққа жаңа қырынан таныстыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ тарихын білген жастардың бойына жері мен елі үшін жанашырлық пен ата-баба, отан алдындағы борыштарын ұғындырады.

«Абат-Байтақ» кесенесі – XIV ғасырдың соңы-XV ғасырдың бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Талдысай кентінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Қобда өзенінің аңғарындағы Абат-Байтақ қорымында орналасқан.

Халық аузындағы аңыздарға қарағанда, кесене атақты ойшыл Асан қайғы жыраудың ұлы Бесқопа аңғарында кенеттен қайтыс болған Абат батырға арналып, бүкіл аймақ халқының қатысуымен тез арада тұрғызылған. Сондықтан, оның атына Байтақ деген сөз қосылған (кең). Бірақ құрылыстың сәулеттік құрылымы оның төрелерге тән екенін байқатады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі