Діни басқарма есепшілері Көкшетауда бас қосты 724

Діни басқарма есепшілері Көкшетауда бас қосты

11 тамыз 2021 133 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты өңірлердегі мешіттердің есепшілері Көкшетау қаласына жиналып, жыл басынан бергі жұмыстарын қорытындылады. Оған Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас есепшісі Гүлнар Маханова мен бас есепшінің көмекшісі Ардақ Абдуалиева қатысты.

Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық» үйінде өткен алқалы жиын Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлының кіріспе сөзімен ашылды.

Бас имам есеп-қисап жұмысының да дін насихатына қатысы бар екенін атап өтті.

«Күнделікті қайырымдылық шаралар қаржысыз атқарылмайды. Мешітке көмек сұрап келген бірде-бір адам бос қайтарылмайды» деді ол.

Одан кейін негізгі күн тәртібіндегі мәселелерді ҚМДБ бас есепшісі Лаура Байжарасова баяндады. Бас есепші іс-шараның Көкше жерінде өтуінің маңыздылығына тоқтала келіп:

«Еліміздегі діни ұйымдардың есеп-қаржылық жұмыстары бір ортақ жүйеге енгізілді. Заманауи талаптар да ескеріледі. Осының бәрі есеп жұмысындағы жүктемені жеңілдетеді» деді.

Жиын барысында жарты жыл ішінде өңірлердің есепшілері атқарған жұмыс қорытындысы айтылды. Осылай әр өңірден келген дін қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Алдағы уақытта жұмыс ырғағын жақсарту мәселелері кеңінен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Шара соңында белсенді жұмысымен көрінген бір топ есепші Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі