Ақтөбе: Оразаға қатысты сауалдарға жауап беретін Call-орталық іске қосылды 1465

Ақтөбе: Оразаға қатысты сауалдарға жауап беретін Call-орталық іске қосылды

28 наурыз 2022 129 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешіттің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының төрағалығымен қала имамдарына арналған жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының бекіткен жоспары аясында Рамазан айына байланысты қала имамдарының атқарар қызметтері талқыланып, бірнеше мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, Рамазан айында мешіттер жанынан ауызашар өткізетін орындар дайындау, тарауих намазына сыйымдылықты қарастыру, жамағат арасынан Құран хатым оқу топтарын ұйымдастыру, ауызашар мәзірін жүйелеу, тұрғындардың сауалдарына жауап беру, әлеуметтік желілерде Рамазанға қатысты рухани жазбаларды кеңінен таратуды қолға алу секілді өзекті тақырыптар талқыланып, имамдарға тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, ораза уақытында тұрғындардың сауалдарына жауап беру үшін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Call орталығы іске қосылды Тұрғындар 8 (778)- 109-743-4 ұялы байланыс нөміріне хабарласып, туындаған діни сауалдарға қажетті ақпарат пен имамдар кеңесін ала алады. Орталық Рамазан бойы күндізгі сағат 10:00-20:00 аралығанда қоңырауларға жауап беретін болады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі