Ауданның бас имамы Көптоғай ауылына іссапармен барды
Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылына арнайы іссапармен барды.
Сапар барысында ауыл жамағатымен кездесіп, Амангелді ауылдық мешітінде жамағатқа «Үміт — ізгілікке жетелейді» тақырыбында уағыз айтты.
Уағызда Алла Тағаланың рақымынан үміт үзбеу, жасаған қателіктерге өкініп, тәубеге келу, ізгі амалдарды көбейту және үміт пен үрейді қатар ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жамағатты имандылыққа, сабырлылыққа, мейірімділікке және айналаға жақсылық жасауға шақырды.
Одан өзге мешіт ғимаратының ішкі және сыртқы тазалығы мен қысқы кезеңге әзірлігі тексерілді. Сапар қорытындысы бойынша мешіттің қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз ету және тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде сақтау жөнінде мешіт имамы Жамаладдин Дүйсеновке бірқатар тапсырмалар берілді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































