ЕР ЖАМАҒАТҚА «НЕКЕ ЖӘНЕ ТАЛАҚ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Неке және талақ» тақырыбында ер жамағатқа арналған семинар өтті.
Семинарды Иордания Хашмит Корольдігі Халықаралық ислам ғылымдары және білім университетінің магистрі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұстазы Данияр Кенжеұлы жүргізді.
Қатысқан 200-ден астам адам ақ некенің орны және асыл дініміздегі отбасының маңыздылығымен танысты.
Семинар барысында сұрақ-жауап алмасып, терең біліммен сусындап қайтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі