5 Сафар
«Ислам және отбасы» тақырыбында  кездесу өтті 4531

«Ислам және отбасы» тақырыбында кездесу өтті

20 мамыр 2025 386 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінің ұстазы Әлібекқызы Гүлсара Хромтау ауданына арнайы барып, жергілікті әйел жамағатымен «Ислам және отбасы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұстаз отбасының исламдағы орны, ерлі-зайыптылардың міндеттері, бала тәрбиесі және рухани құндылықтар жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Ізгі ниетпен ұйымдастырылған бұл жүздесу әйел жамағатының дінге деген қызығушылығын арттырып, рухани серпіліс сыйлады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі