Мұғалжар: Бас имам студенттермен кездесті
Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемхан Ерғазин «Ақтөбе» медресе-колледжінің студентерімен кездесті.
Аталған кездесу барысында ауданның Бас имамы Әсемхан Ерғазин мен орталық басшысы Әділет Маусымов студенттерге оқуды жақсы бітірулеріне тілектес екенін айтып, бүгінгі таңдағы діни қызметтің маңыздылығын түсіндірірді. Сонымен қатар Мұғалжар ауданындағы қала, ауыл мешіттерінің бүгінгі жағдайын баяндап, қызмет бабы бойынша сұранысқа ие орындарды да атап өтті.
Медресе қабырғасында діни білім алып жатқан әлеуметтік аз қамтылған шыққан отбасынан шыққан үздік 10 шәкіртке әрқайсысына 25 000 мың теңге шәкіртақы табыстап, жалпы көлемі 250 000 теңге берді. Сондай-ақ Қандыағаш жамағаты атынан дастархан жайып берді.
Шара қортындысында студенттер өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі