Рамазанның 3 күнінде  5760 адамға ауызашар дастарханы жайылды 1494

Рамазанның 3 күнінде 5760 адамға ауызашар дастарханы жайылды

04 сәуір 2022 130 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Рамазанның 3 күнінде 5760 адамға ауызашар дастарханы жайылды.

Демеуші жандардың қолдауымен күнделікті 250 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасын табады.

Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтау лебізін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты. Одан имамдардар әр ауызашар басқосуында ораза жайында қажетті мағлұмат беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестерін бөлісіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі