Шалқарда белсенділер марапатталды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағатының белсенділері марапатталды.
Белсенді әйел жамағатынан Өмірхан Жанерке мен Шитова Бағдагүл шараларға белсене атсалысып әрі Ақтөбе облысында «Дін мен дәстүр III» кітабынан өткен білім сайысынан 1 – орын алып, ауданымыздың мерейін көтерген болатын. Осыған байланысты мешіт белсенділерін алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыс етілді.
Шара барысында, Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков құттықтау сөз сөйледі. «Құрметті белсенді әйел жамағаты! Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – келер ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Өздеріңізден тәлім-тәрбие алған жас ұрпақ сіздер бастаған игілікті істерді жалғастыруда. Сіздердей халқымыздың арасында әңгімесі пәтуалы асыл жандардың барында еліміздің ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі. Осы орайда өздеріңізге алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!» -деп, ауданның Бас имамы ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай жүрекжарды лебізін білдірді.