Хромтау:  «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы аяқталды 1948

Хромтау: «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы аяқталды

23 шілде 2022 100 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде маусым айынан басталған балаларға арналған «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтап, шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды. 

Шәкірттер бір ай бойы Құран әліппесімен танысып, аталған курсты сәтті аяқтап шықты.

Айтулы шараның қортындылау кешінде Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Қонақбайұлы шәкірттерге арнайы сертификаттар табыстап, тәттілерді сыйға тартты.

Айта кетсек, биылғы жазғы сауат ашу курсына Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде 47 (27 ер бала, 20 қыз бала) мектеп жасындағы балалар қатысты. Оның 13-і (7 ер бала мен 5 қыз бала) Құранға түсті.

Іс-шара қортындысында іс-тәжірбиеден өткен Сабина Сәкенқызы мен Халима Ерболқызына ауданның Бас имамы алғыс хат пен қаржылай сыйлық табыстап, ілім жолындағы сапарларына сәттілік тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі