«Сүлеймен ата» мешіті: «Мәйітті жуу және кебіндеу» семинары өтті
Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде «Мәйітті жуу және кебіндеу» семинары өтті.
Аталған мешіттің ұстазы Алтынай Исаева «Ауыр халде жатқан адамға жасалатын амалдар, қарыздан құтылу, ауру адамды зиярат ету» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова мәйітті жуу мен кебіндеуді практика жүзінде көрсетті. Ер мен әйелдің кебінінің айырмашылығы, жууға неше адам кіретінін және тағы да басқа маңызды туралы баяндады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































