Облыс бас имамы қалалық мешітте жұма уағызын айтты 4042

Облыс бас имамы қалалық мешітте жұма уағызын айтты

18 қаңтар 2025 212 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев жұма Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма уағызын өткізді. «Қоғамда мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі» атты тақырыпта уағыз-насихат айтқан өкіл имам: «Мұсылман адам Алла Тағаланың өзіне парыз еткен құлшылық-ғибадаттарды өтегеннен кейін қоғамға да пайда әкелетін ізгі істер атқаруы тиіс.Яғни, иманды адамның бойынан өзгелер үшін пайда тигізетін жақсы, ізгі амалдар көрініс табуы қажет. Әр адам қоғамның мүшесі болғандықтан, олардың мүдделері де ортақ. Сондықтан да асыл дініміз адамның жақсылығы жеке өз басына ғана емес, өмір сүріп жатқан қоғамды да қамтуы тиіс екенін үйретеді,»- деп атап өтті. Сондай-ақ, мұсылман адамның қоғам алдындағы жеке жауапкершілігіне де кеңінен тоқталды. Жұма намазынан соң Бас имам мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.