«Көшпелі уағыз керуені»: Шынболат Үмбетов жұма насихатын айтты 4798

«Көшпелі уағыз керуені»: Шынболат Үмбетов жұма насихатын айтты

05 қыркүйек 2025 113 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында «Досжан хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма насихатын айтты.

Имам «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болмысы мен мәмілесі» тақырыбында өткен уағыз-насихат барысында: «Адамдармен мәміле жасауда Алла Елшісі өзгелер үшін ең көркем үлгі-өнеге екенін айтпау мүмкін емес. Қандай жағдай болмасын, қарым-қатынас жасауда жоғарғы деңгейден көріне білген. Қарапайым адамдар сияқты қандай да бір істе басқа адамдармен серіктес болған. Алла Елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарым-қатынаста болған адамдар еш уақытта шағымданбайтын және ол кісіден артық қайырлы серік кездестірмейтін»,-деп атап өтті.

Айта кетейік, «Көшпелі уағыз керуені» жобасы жылдың соңына дейін жалғасады. Үздік уағызшы жыл қорытысында марапатталады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі