Шалқар: Мемлекеттік қызметкерлерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыруға арнағлған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Мәртөк аудандық орталық мешітінің бас имамы Марал Имангали Шалқар ауданына барған іс сапарында «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де «Теріс ағым қайдан шығады?» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Игі шарада ең алдымен имам өзін таныстырып, жобаның мақсатын баяндады. Кездесу барысында Марал Имангали «Жат діни ағымның жетегінде жүргендердің, санының артуы қарапайым халықтың діни
сауатының аздығынан немесе жоқтығынан туындайтыны хак. Дінге толық, таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, сезіммен келіп, өзінін қалай адасқанын аңғармай жатады» дей келе, жат агымнын етегінде жүрген жастардың бұл жолға түсу себептерін атап өтті әрі одан сақтануға шакырды.
Аталған кездесуге 30 мекеме қызметкері қатысып, өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі