Құран оқып үйренген шәкірттер марапатталды 3315

Құран оқып үйренген шәкірттер марапатталды

27 наурыз 2024 1120 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің имамы Шерхан Батырханұлының ұйымдастыруымен Құранға түскен шәкірттерді марапаттау шарасы өтті. Құран әліппесі мен тәджуид ережелерін үздік аяқтаған 5 шәкіртке арнайы сыйлықтар табысталып, сертификаттармен марапатталды.

Имам Шерхан Батырханұлының бастамасымен шәкірттерге естелік тәж кигізілді. «Құранды толық жаттаған қаридың ата-анасына жәннатта тәж кигізіледі. Бүгінгі ырым етіп таққан тәжіміз қияметте Құран жаттаған қариларға берілер тартуға ұлассын!», – деді ол.

Сондай -ақ, имам шәкірттерге бүгінгі шараның мән-маңызын түсіндіріп , діни білім жолындағы алғашқы белестерімен құттықтады. Құран оқудың пайдасы мен сауабы жайында насихат айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Салтанатты рәсім соңы қасиетті Рамазан айының ауызашар дастарқанына ұласты.