Ұстаз: Алғыс айту күнімен құттықтады 1377

Ұстаз: Алғыс айту күнімен құттықтады

01 наурыз 2022 414 Оқу 1 минут

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов «Aqtobe» телеарнасындағы ақпараттық-сазды «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында қонақ болып, тікелей эфирде сүбелі сұхбат берді. 

Бағдарлама барысында ұстаз адам өміріндегі алғыстың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған атаулы күн туралы айта келіп, алғыс айту күні жай кезекті ұрандармен емес, нақты тәрбиелік және тағылымдық іс-шаралармен өткізу керектігі туралы ұсынысын білдірді.

Одан өзге тікелей эфирде Рүстембек Аманғосов көктемнің алғашқы күнімен қатар келген алғыс айту күнімен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке мен бақыт тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі