Әйтеке би: «Зират және зиярат мәдениеті»  туралы түсіндіру жұмыстары өтті 2367

Әйтеке би: «Зират және зиярат мәдениеті» туралы түсіндіру жұмыстары өтті

28 қаңтар 2023 137 Оқу 1 минут

Әйтеке би ауданының Бас имамы Ғабидолла Тілес аудандық орталық мешітте өңірдегі ақсақалдарға және имам мен молдаларға арнап «Зират және зиярат мәдениеті» туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. 

Шара барысында Бас имам қазіргі кезде аса өзекті болып отырған жаназа рәсімдеріне жіті тоқталды.

Сонымен қатар «Жерлеу рәсімдері кезінде барынша шариғат шеңберінен шықпаған абзал. Мазар тұрғызып бәсекелесу, ысырап пен мақтан марқұмға ешқандай абырой әпермейді. Мұндай жарыстың дүние салған адамға тигізер сауабы болмайды. Сондықтан, әр нәрсені өз әдебімен атқарған дұрыс. ҚМДБ бұл бағытта «Зират жəне зиярат мəдениеті» құжатын дайындаған болатын. Жерлеу рәсімдерін бір ізге түсіру мақсатында дайындалған бұл құжат зират тұрғызу мен зиярат жасаудың, кесене салудың жалпыға ортақ, бірыңғай мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Құжатта көрсетілгендей, зират көтерудің өз мәдениеті бар», -деді Ғабидолла Тілес.
Одан өзге шара қортындысында бірауыздан ас беруге қатысты мәзірді бекітті.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі