Наиб имам жастарды бірлікке шақырды 2300

Наиб имам жастарды бірлікке шақырды

04 желтоқсан 2022 105 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов "Ислам –  ынтымақ пен бірлік жылы" аясында Алға аудандық орталық мешітінде жамағатпен кездесті.

Аталған уағыз дастарханында наиб имам ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан асыл дініміз Ислам дінінің сара жолы – Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар жат ағымның жетегіне кету зардабына жіті тоқталып, жастарды бірлікке шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі